Gracenote сараптамалық агенттігі Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына арналған жаңа болжамын жариялады, деп жазады msports.kz.
Қазақстан құрамасы 10 медаль ұтып, жалпыкомандалық есепте 29-орын алады деп болжаған.
Статистикалық агенттік ақпараты бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль еншілейді деп көрсеткен.
Агенттік болжам жасауда спортшылардың ірі халықаралық турнирлердегі көрсеткіштері мен жетістіктерін назарға алады.
Жалпы медаль саны бойынша АҚШ елінің спортшылары алда болады деп болжауда. Олар 39 алтын, 32 күміс, 41 қола алып, ұзын саны 112 медальмен бірінші орын алады деп отыр. Одан кейінгі орындарға Қытай мен Ұлыбритания елдері орналасқан.
Фото: ©️ https://t.me/olympickz.