Қазақстандық жүзгіш Ғалымжан Балабек Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды.
Отандасымыз 200 метрге еркін стильде жүзуден үшінші нәтижені көрсетті. ҚР ҰОК мәліметінше, Балабек қашықтықты 01:45.68 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол Қазақстан рекордын жаңартты.
Фото: ҚР ҰОК.














