Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing ұйымының президенті болып сайланды.
Рим қаласында өткен Конгресс барысында оның кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Осылайша Головкин халықаралық спорт федерациясын басқаратын алғашқы қазақстандық атанды.
World Boxing 2023 жылы құрылды. Бұл ұйым көптеген елдердің IBA құрамынан шыққаннан кейін пайда болды. 2024 жылы Халықаралық олимпиада комитеті IBA-ны өз қатарынан толықтай шығарып, оның қызметін тоқтатты.
Биыл World Boxing ХОК тарапынан ресми түрде мойындалды. Енді 2028 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан өтетін іріктеу және негізгі жарыстарды ұйымдастыру міндеті осы ұйымға жүктелген.
Ең бастысы бұл бастамалар қазақ боксына оң ықпал етер деген үміт пен сенім бар әрине. Бастаған іске береке берсін. Құтты болсын!














