Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака «Nursultan Qurman» подкастында сұхбат берді, дейді penalty.kz.
“Қыркүйектің 20-сында Жеженің Қазақстанда ойнап жүргеніне бес жыл болады. Бірақ ол Еуро-2026 іріктеуінің плей-оффына қатыса алмайды. Кайо Руис пен Жеже – солақай ойыншылар, бұл олардың басты артықшылығы. Жеже дриблингке таммаша. Оны бір қапталда, Эдсонды екінші қапталда елестетіп көріңіздер. Бұл – біздің жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік береді. Жас ойыншылардың қосылуы қозғалысты арттырады», – деді Кака.
Қазір ұлттық құрамада үш бразилиялық футзалшы ойнайды. Олар: Игита, Дуглас және Лео.
Фото: kazfootball.kz.