Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатындағы бірінші ойынын өткізді.
Әндіжан төрінде азуы алты қарыс Испания құрамасымен кездесіп, 1:1 есебмен тең түсті. Ойын басталған бетте, небәрі 5-секундта Біржан Оразов есеп ашты.
Испания құрамасы… мына біздің… іргедегі көрші ел сияқты шағымданып жүріп, бір ойыншымызды алаңнан қуғызды. Дәурен Тұрсағұлов 9-минутта ойыннан аластатылды.
Әрі Испания құрамасы екі минут бойы артық құрамда ойнау мүмкіндігіне ие болды. Алайда біздің жігіттер жанкештілік танытып, тұрып берді…
Әйтсе де, екі дүркін Әлем чемпиондары 17-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Голды «Жапандағы жалғыз үй» романындағы басты кейіпкердің бірі Сұлумұрт секілді ойыншысы соғып кетті.
Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. Еуропаның жеті дүркін чемпионы тағы бір рет пенальти сұрап па, әлде тағы бір ойыншымызды алаңнан қууды өтіпін пе, әйтеуір екінші рет шағымданды. Бұл жолы төрешілер әділеттік танытты.
Нұрғазы Сасаев.