Бұған дейін қала басшысы Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» ойыншыларының орташа жалақысы 15 миллион теңге екенін, Асхат Тағыберген секілді ардагер футболшылар 20 миллион теңгеге дейін айлық алып отырғанын, бірақ олармен келісімшарт үзе алмайтынын айтқан.
Осыдан соң аяқдоп шеберлеріне мұның алдында да түрлі айып тағып жүрген Қуат Хамитов үнсіз қалмады. Ол футболшыларда патриотизм жоқ деп айыптап отыр.
«Футболшылар арасында патриот жоқ! Олардың бәрі саудагер, тек ақша үшін ойнайды», — деп жазды Хамитов.
Фото: Марат Калдыбаев.