Хорватияда Футболдан 17 жасқа дейінгілер арасында өткен Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болды.
В дивизионында Бауыржан Сағындық баптайтын қазақстандықтар алғашқы ойында сенсация жасап, Хорватияны 2:1 есебімен жеңген еді.
Одан кейін Нидерланд құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді.
Соңғы кездесуінде қазақстандықтар Албанияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасынан Роман Черноморец (21-минут) пен Абылай Жылқайдар (58-минут) гол соғып, көзге түсті. Бұған албаниялықтар 95-минутта Арменда Мусликаның голымен жауап қайырды.
Осылайша, 6 ұпай жинаған Қазақстан командасы өз тобында бірінші орын алды. Хорватия (6 ұпай) екінші сатыда.
Сөйтіп Қазақстан мен Хорватия А дивизионына жолдама алды.
Енді Бауыржан Сағындықтың шәкірттері 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне берілетін жолдама үшін таласады.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы.














