Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) футболдан ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстан ұлттық құрамасы 115-орыннан бір сатыға жоғары көтеріліп, 114-орынға тұрақтады.
Талғат Байсуфинов жаттықтыратын құрама команда қараша айында екі матч өткізді. 15 қараша күні Қазақстан өз алаңында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсіп, бір ұпай еншіледі. Бұл нәтиже рейтингіде жоғары көтерілуге мүмкіндік сыйлады. Ал, 18 қарашада Фарер аралдарымен жолдастық кездесуде 0:1 есебімен қарсыласымызға жол бердік.
2025 жылдың 22 желтоқсанындағы жағдай бойынша әлемдік рейтингінің алғашқы ондығы төмендегідей:
2025 жылғы 22 желтоқсандағы ФИФА рейтингі:
1 (1). Испания — 1877.18
2 (2). Аргентина — 1873.33
3 (3). Франция — 1870
4 (4). Англия — 1834.12
5 (6). Бразилия — 1760.46
6 (5). Португалия — 1760.38
7 (7). Нидерланд — 1756.27
8 (8). Бельгия — 1730.71
9 (10). Германия — 1724.15
10 (11). Хорватия — 1716.88
Фото: Қазақстан футбол федерациясы.














