• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 29 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Футболдан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты несімен есте қалды?

Алматылық «Қайрат» екінші жыл қатарынан топ жарды

28/10/2025
in Футбол
0 0
0
Футболдан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты несімен есте қалды?
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті маусым мәресіне жетіп, жеңімаздың тағдыры соңғы секундқа дейін белгісіз болды, деп жазады Аладоп.kz.

Нәтижесінде алматылық «Қайрат» екінші жыл қатарынан топ жарды. Жалпы маусым барысында қандай ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер болды?

Жанкүйерлердің саны бойынша рекорд

2024 жылғы футбол маусымында жанкүйерлердің саны бойынша бір ойында рекорд жаңартылса, 2025 жылы сол көрсеткіш бірнеше мәрте жаңарды. Бұған «Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың ықпалы мен «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуы тікелей әсер етті. Жалпы осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының матчтарын 911 698 адам стадионнан тамашалаған. Бұл былтырғыдан қарағанда 236 928 адамға көп.

Қазақ чемпионатының тарихындағы ең көп көрермен жиналған ТОП-6 ойын:

«Астана» — «Ақтөбе» — 28 211 көрермен (Астана қ, Astana Arena, 19 қазан, 2025 жыл)

«Астана» — «Қайрат» — 26 153 көрермен (Астана қ, Astana Arena, 2 наурыз, 2025 жыл)

«Қайрат» — «Жетісу» — 23 800 көрермен (Алматы қ, Орталық стадион, 5 қазан, 2025 жыл)

«Қайрат» — «Ақтөбе» — 22 804 көрермен (Алматы қ, Орталық стадион, 20 сәуір, 2024 жыл)

«Қайрат» — «Ақтөбе» — 22 800 көрермен (Алматы қ, Орталық стадион, 14 қыркүйек, 2025 жыл)

«Қайрат» — «Астана» — 22 800 көрермен (Алматы қ, Орталық стадион, 26 қазан, 2025 жыл)

10 голдан артық гол соққан Қазақстан футболшылары

Кейінгі 5 жылда Артур Шушеначев (12 гол, «Қайрат», 2021 жыл) пен Асхат Тағыберген (11 гол, «Ордабасы», 2023 жыл) ғана 10 голдан артық межені бағындырды. Ал биыл 10 голдан артық тоғытқан 2 футболшы тіркелді. Оның арасынан 17 жастағы Дастан Сәтпаев алғашқы маусымында 14 рет допты тоғытты. Оның 8 матчта соққан голы командасына жеңіс сыйлаған. Тіпті соңғы турдағы Дастанның голы алматылықтарға ауадай қажет 1 ұпайды әперді. Былтырғы Бірінші лиганың үздік ойыншысы – Дәурен Жұмат 13 голдың авторы атанды.

Кімнің бағасы жоғарылады?

2025 жылғы Қазақстан чемпионатының басты қаһарманы – 17 жастағы Дастан Сәтпаевтың болғаны сөзсіз. Transfermarkt сайтында ақпан айында ғана 500 мың еуроға бағаланған футболшының бағасы маусым айының ортасында 1,8 млн еуроға өсті. Одан кейінгі орындарды Валерий Громыко (+200 мың еуро) және Гиорги Зария (+200 мың еуро) алады. Әзірше маусымның екінші бөлігінде футболшылардың бағасы жаңармады. Бірақ «Елімайға» ауысқан Ғалымжан Кенжебектің бағасы өсері анық. Өйткені ол шілде айында ғана келіп, 11 матчта 6 гол және 3 нәтижелі пастың авторы атанды. Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де «Қайрат»), Мәди Хасейн, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де «Жеңіс»), Алияр Мұхаммед, Дәурен Жұмат (екеуі де «Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Муроджон Халматов («Ордабасы») да клуб сапында жақсы көзге түсіп, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.

Отставкаға кеткен бапкерлер

Ең сәтсіз маусымдарының бірін өткізген «Атырау» клубын маусым барысында Константин Горовенко, Денис Мамонов, Виталий Жуковский тізгіндеп үлгерді.

«Ақтөбе» ұжымына да бапкер тұрақтамай, Игорь Леонов, Вячеслав Левчук және Николай Костов тағайындалды.

«Тұран» ұжымына Виталий Жуковский, Әбдухалық Бөрібаев, Александр Поклонский бағыт сілтегенімен, Бірінші лигаға ұшып кетті.

«Қызылжар», «Оқжетпес», «Жеңіс», «Ұлытау» командалары да бір реттен жаттықтырушыларын алмастырды.

Шетелдік төрешілердің тағайындалуы

Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында төрешілердің есімі тек матч болатын күні жарияланып отырды. Ал қыркүйек айында Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлер мен клубтың тарапынан айтылған сыннан кейін «Астана» — «Елімай» (Португалиядан төреші), «Қайрат» — «Ақтөбе» (Қырғызстан) және қазан айында «Қайрат» — «Астана» (Италия) мен Қазақстан Кубогының финалы (Швейцария) шетелден келген қазыға сеніп тапсырды.

Қазақстанда салынған үшінші жаңа стадион

Қазан айының басында Қызылорда қаласында УЕФА-ның 4-санатына сай, 11 мың жанкүйерге арналған футбол стадионы қолданысқа берілді. 5 қазан күні Қазақстан Кубогының финалы өтіп, «Тобыл» осы жасыл алаңдағы чемпиондық атағын тойлады.

Ұзақ жылдан кейін мақсатына жеткен клубтар

28 жылдан кейін Ұлытау облысының намысын қорғаған «Ұлытау» клубы Премьер-лигаға оралып, 23 ұпаймен маусымды 11-орынмен аяқтады.

Семейдің «Елімай» командасы Премьер-лигадағы екінші жылында жоғары 4-орынға тұрақтады. Осы көрсеткіштің арқасында Абай облысының ұжымы өз тарихында алғаш рет кәрі құрлықтың додасында өнер көрсетеді.

Қызылордалық «Қайсар» да легионерлерден түпкілікті бас тартып, Премьер-лигада бәсекеге қабілеттігін дәлелдеді. Олар маусым барысында «Қайрат», «Астана», «Тобыл» сынды алпауыттардан ұпай алды.

Tags: «Қайрат» ФКҚазақстан Премьер-лигасыҚПЛ
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Футболдан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты несімен есте қалды?

Түркияның екі клубы Кенжебекке қызығушылық танытты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

ҚХЛ: «Барыс» түзде «Авангард» командасымен кездеседі

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Футзал: «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Қазақ күресінен келесі әлем чемпионаты қайда өтеді

29/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

ҚХЛ: «Барыс» түзде «Авангард» командасымен кездеседі

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Футзал: «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды

29/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In