Канаданың Вал-Сейнт-Ком қаласында фристайл-могулдан 2026 жылдағы алғашқы әлем кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл жарыста Ұлттық құрама спортшылары арасынан ең жақсы нәтижені Анастасия Городко көрсетті. Ол жекелей және параллель сайыста да 5-орынға тұрақтады.
Ерлер арасында тәжірибелі отандасымыз Павел Колмаков параллель-могулда ширек финалға шығып, 7-сатыдан көрінді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы.














