«Астана» ФК алдағы жылдары өнер көрсетуін жалғастыру үшін инвестор іздеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ASnews.kz.
Клубты сатып алғысы келетін үміткерлердің қатарында 2025 жылы Қазақстандағы ең бай бизнесмендерінің тізімінде 12-ші орын алған Андрей Лаврентьевке тиесілі «Qarmet» АҚ (бұрынғы «ArcelorMittal Temirtau») бар.
Ол «Аллюр» компаниялар тобы мен «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Агромашхолдинг KZ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан машина жасаушылар одағындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі, Қостанай облыстық триатлон федерациясының президенті, YPO Kazakhstan, iQanat пен «Дом мамы» жобаларының мүшесі.
Бұған дейін «Астана» клубының қаржылық мәселелері туралы бірнеше рет хабарланған еді, соның салдарынан елордалық клуб желтоқсан айындағы оқу-жаттығу жиынын тоқтатуға мәжбүр болды.
Фото: Астана ФК.














