Италиялық маман футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Бұл жөнінде Өзбекстан футбол федерациясы ресми түрде мәлім етті.
Белгілі бапкер құрамаға 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінде жетекшілік етеді. Өзбекстандық футболшылар өз тарихында алғаш рет дүниежүзілік додаға жолдама алған болатын.
Фабио Каннаваро 1973 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында Италияның «Наполи», «Парма», «Интер», «Ювентус», Испанияның «Реал Мадрид», Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Ахли» клубтарында доп тепкен.
Италия ұлттық құрамасында 1997-2010 жылдары 136 кездесуде 2 мәрте гол соқты.
2013 жылы БАӘ-нің «Аль-Ахли» бас бапкердің көмекші болса, одан кейін Қытайдың «Гунчжоу Эвергранд», «Тяньцзинь Цюаньцзянь», «Гуанчжоу» және футболдан Қытай құрамасының, Сауд Арабиясындағы «Әл-Наср», Италиядағы «Беневенто», «Удинезе», Хорватиядағы «Динамо Загреб» клубтарының тізгінін ұстады.
Фото: UFA media.