Финляндия құрамасының вингері Ойва Юккола алматылық «Қайраттың» қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды ASnews.kz.
23 жастағы футболшы бүкіл кәсіби мансабын туған клубы «Ильвесте» өткізген. Өткен маусымда оң қапталдағы шабуылшы барлық жарыстарда 37 ойынға қатысып, сегіз гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.
Юккола сондай-ақ Финляндия ұлттық құрамасына шақырылады, оның сапында екі ойын өткізіп үлгерді. Ойыншының трансферлік құны 450 мың еуроға бағаланады.
Бұған дейін «Қайрат» КуПС-тың бұрынғы ойыншысы Яакко Оксаненмен келісім-шартқа отырған болатын.
Фотода: Ойва Юккола.














