65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Тайбэй өкілі Ю Линмен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Осылайша, Зейнуллинов турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Жекпе-жектің алғашқы раундында Ертуған белсенді қимылдап, қарсыласын қысымда ұстады. Алайда екі төреші бұл кезеңде жеңісті қарсыласына берген. Екінші раундта қазақстандық боксшы толық басымдық танытып, барлық төрешінің қолдауына ие болды. Үшінші раундта да ол қарқынын бәсеңдетпей, айқын жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов – 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ «Странджа» турнирінің жеңімпазы және Қазақстан чемпионы.
Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.
Фото: Бокс федерациясы.














