Павлодарлық «Ертіс» жартылай қорғаушы Нұрдәулет Байбосыновпен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшы команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келді.
«Тараз» мектебінің 21 жастағы түлегі өткен маусымды туған клубында бастап, жазда «Атырауға» жалға берілді.
Жартылай қорғаушы «Тараз» сапында барлығы 72 матч өткізіп, алты гол соққан. Сондай-ақ, оның еншісінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) сапында өткізген бес ойын бар.
Фото: Нұрдәулет Байбосынов.














