• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 5 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

Ертең «Қайрат» пен «Слован» ойнайды. Не болар екен?

Теке-тірестегі негізгі басымдық белгілі болды

5 августа, 2025
in Тұлға мен тарих, Футбол
0 0
0
Ертең «Қайрат» пен «Слован» ойнайды. Не болар екен?
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

«Аладоп.кз» «Қайраттың» ЧЛ 3-іріктеу кезеңіндегі кездесуінің қарсаңында белгілі бапкер Болат Есмағамбетовпен хабарласып, алматылық клубтың мүмкіндігі жайлы пікірін білген болатын.

Танымал маман сондай-ақ, словакиялық команда туралы ойын ортаға салып, командалардың мықты-осал тұстарын да тілге тиек еткен. Айта кетейік, ертең алматылықтар Словакия чемпионы «Слованды» қабылдайды. Қарымта ойын 12-тамызда Братислава қаласында болады.

— Болат Жолдасұлы, алматылық ұжым ЧЛ-да биыл өз алаңында табысты ойын көрсетуде. Ертең де жақсы ойын мен тиімді нәтиже күтуге бола ма?

— Қалай дегенде де ертең қызық ойын болады. Бірден айту керек, екі команда да өзінің алаңында ойнағанды жақсы көретін, жалпы жақсы нәтиже көрсететін ұжымдар. Бұл теке-тірестің тағдырын өз алаңындағы матчтар шешеді деп ойлаймын. «Қайрат» қазір бабында. Чемпионатта бірінші орында келеді, да шабуылы керемет. Алматыда жанкүйерлер лық толады. Алаң иелерінің құрамында тереңдік жеткілікті, команда ҚПЛ-де, Чемпиондар Лигасында да қиналмай ойнай бере алады. Олар ертең көп шабуылдайды, мұны алдындағы екі ойын көрсеткен. «Қайрат» жылдам гол салса, ары қарай жақсы болар еді. Мұндай матчтарда жылдам гол салу өте маңызды. Екінші кездесудің алдында орысша айтқанда, жақсы «задел» жасап алу керек. Меніңше, ертең «Қайратта» көп мүмкіндік болады және алаң иелері көп гол ұрады.

— «Слован» алдыңғы екі командамен салыстырғанда әлдеқайда мықтырақ көрінеді…

— Иә, «Слован»  — тәжірибелі клуб. Өз елінде талай рет чемпион болған, былтыр ЧЛ негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Бірақ, онда бір ауыз толтырып айтарлықтай нәтижесімен есте қалмады. Бапкері де мықты. Владимир Вайсс — Словакия футболындағы ең тәжірибелі маман. Керемет жаттықтырушы деп айтуға болады. «Қайратта» да жақсы жұмыс істеп кетті. Басты проблемасы – «Слован» әлі тонусқа кірмеді, Словакияда чемпионат енді басталуда. Команданың, әсіресе қорғаныстағы ойыны осал көрінеді, оны «Зриньскиймен» кездесуде байқадық. Босниялықтар екі гол салды, тағы бірнеше мүмкіндіктері болған. Сонымен қатар, шабуыл шебі де мықты. Онда өзінің көшбасшылары бар – Стрелец, Барсегянды айтуға болады. Бірақ, олар өздерінің оптимальный бабына енді-енді келіп жатыр. «Слован» —  «Қайраттың» алғашқы екі қарсыласынан көш ілгері. Чемпиондар Лигасында солай, әр кезең сайын тек қана мықты қарсылас тап болып отырады. Словакиялық команда Алматыда қорғанысқа көбірек көңіл бөлетін шығар. Қарымта шабуылдарға иек артуы мүмкін.

— Әңгімеңізге көп рахмет, Болат Жолдасұлы

Сіздерге де!

Tags: «Қайрат» ФКUEFA Чемпиондар лигасыБолат Есмағамбетов
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ертең «Қайрат» пен «Слован» ойнайды. Не болар екен?

Ертең «Қайрат» пен «Слован» ойнайды. Не болар екен?

5 августа, 2025
«Қайрат» жеңіске жетсе «Селтикпен» ойнайды

«Аман Қонысбеков жеңілген жоқ». Қазақстан шағым түсірді

5 августа, 2025
«Қайрат» жеңіске жетсе «Селтикпен» ойнайды

Қысқы Азиада: 85 спортшы мен 32 жаттықтырушы 372,6 миллион теңге алды

5 августа, 2025
«Қайрат» жеңіске жетсе «Селтикпен» ойнайды

Елена Рыбакина тағы бір ерекше рекорд жасады

5 августа, 2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ертең «Қайрат» пен «Слован» ойнайды. Не болар екен?

Ертең «Қайрат» пен «Слован» ойнайды. Не болар екен?

5 августа, 2025
«Қайрат» жеңіске жетсе «Селтикпен» ойнайды

«Аман Қонысбеков жеңілген жоқ». Қазақстан шағым түсірді

5 августа, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In