• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Еркін күрестен Ресей құрамасының бас бапкері допинг бойынша дауға ілінді

Белгілі бапкер соңына әлдекімдердің түскенін айтып отыр

15/05/2025
in Енді не істейміз?, Жекпе-жек, Ұзынқұлақ
0 0
0
Еркін күрестен Ресей құрамасының бас бапкері допинг бойынша дауға ілінді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Еркін күрестен Афины Олимпиадасының чемпионы, бүгінде Ресей құрамасының бас бапкері Қажымұрат Гацалов допинг бойынша дауға қалды. Ол осыдан он жыл бұрын күресіп жүрген кезінде тапсырған сынамасы бойынша тергеуге шақырылуы мүмкін, деп жазады 1bol.kz.

Бұл туралы белгілі бапкер мәселе көтеріп, соңына әлдекімдердің түскенін айтып отыр.

«Өмірімде күтпеген бұрылыс болып, қазір мені допинг қолданды деп айыптап отыр. Нақтырақ айтқанда, «ластанған сынама» туралы әңгіме қозғалды. Жалпы, «ластанған допинг-сынама» деген ұғым жоқ. Мұны мені айыптаушы тарап та мойындап отыр. Айыптау тек біреулердің хат алмасуына және аты-жөні белгісіз адамдардың жорамалына негізделіп қолға алынған. Олардың айтуынша, бұл сынамалар 2015 жылы Мәскеу зертханасында қолдан ауыстырылған көрінеді. Ал бұл сынамалардың сол кезде ауыстырылуы мүмкін екенін мен тек қазір ғана біліп отырмын», — деп жазды Гацалов.

Оның сөзінше, спортшы ретінде ол 10 жыл бұрын таза сынама тапсырған және бұл жайлы антидопингтік органнан ресми хаттама түрінде растаған.

«Сынамам одан кейін қайда, қалай жіберілгенін мен бақылаған жоқпын. Енді міне, біреулердің сөзіне сүйеніп, ол сынама ауыстырылған деген күдік туындап отыр. Бұл бойынша тергеу басталмақ. Менің ойымша, бұл науқанның артында белгілі бір тапсырыс берушілер, пайда іздеген адамдар бар. Өйткені болып жатқан жағдайға басқа қисынды түсініктеме табу қиын. Маклареннің баяндамасы 2016 жылы жарияланды. Ал қазір, арада он жыл өткен соң, сол деректер негізінде орыс бапкеріне айып тағылып отыр. Онда мына сұрақ туындайды: сол он жылдың ішінде антидопинг ұйымдары неге ешқандай әрекет жасамаған? Мен Ресей құрамасының бас бапкері ретінде өз жұмысымды жалғастырып жатырмын. Тергеудің нәтижесін күтемін. Бұл істі шын мәнінде құзырлы органдар тергейді деп сенемін. Және оларға айтқым келетіні: мен әрқашан таза спорт үшін барымды салдым, спортшы болсам да, бапкер болсам да, осыны үнемі насихаттап келемін», — деді ол.

Қажымұрат Гацалов соңғы рет 2016 жылдың ортасында Рио Олимпиадасына қатысу үшін Ресейдің іріктеу турнирінде күрескен. Көрші елдің чемпионатында күміс жүлдегер атанған ол төртжылдықтың басты ойындарынан тыс қалған еді. Бұдан кейін осетиялық спортшы балуан ретінде жарыстарға қатысқан жоқ. Кейін Армения атынан күресуге бел буғанынмен бұл шешімінен айнып қалды.

Сондай-ақ, Гацалов Қазақстанда 3-4 жыл бойы бапкерлік қызмет атқарып, Алматыда жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, Қажымұрат Гацалов 96 келіде күресіп, Олимпиададан бөлек, әлем чемпионатында 5 рет рет чемпион атанды. Ол үш жыл бұрын Ресей ұлттық құрамасына бас бапкер болып тағайындалған.

Фото: region15.ru.

Tags: допингеркін күресРесей құрамасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Еркін күрестен Ресей құрамасының бас бапкері допинг бойынша дауға ілінді

Экс-министрдің ағасы Астана қалалық бокс федерациясының басшылығынан кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In