Футболшының трансферлік бағасы қазір 400 мың еуро шамасында, деп жазады penalty.kz.
«Жеңіс» бойынша нақты шешімді күтіп отырмын. Бәрі бір-екі күннің ішінде белгілі болады деп ойлаймын. Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына барамын ба — әзірге айта алмаймын», — деді Плотников.
Максим Плотников Қазақстан футболымен бұрыннан таныс:
- 2023 жылы Қазақстан Премьер-Лигасында «Каспий» сапында өнер көрсетті;
- Маусымнан кейін Беларуське оралды.
Беларусь қақпашысы өз елінде «Арсенал», «Торпедо-БелАЗ», «Славия» секілді клубтарда ойнаған. Сондай-ақ ол Беларусь ұлттық құрамасы сапында алты матч өткізген.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Максим Плотниковтың трансферлік бағасы қазір 400 мың еуро шамасында.
Фото: BetNews.by.














