Қазақстанда допинг бойынша басы дауға қалып, жарыстардан ең көп шеттетілетін спорт түрі белгілі болды. Олардың ішінде ауыр атлеттер тыйым салынған препараттарды қолдану бойынша үнемі қара тізімге ілініп келеді, деп жазады 1bol.kz.
Еліміздің допингке қарсы ұлттық орталығы 2025 жылы тыйым салынған медициналық препараттарды қолданғаны үшін жауапқа тартылған қазақстандық спортшылардың есімін жария етті.
Ұлттық допингке қарсы орталықтың мәліметінше, бүгінде Қазақстанда түрлі себеппен жарыстардан шеттетілген спортшылар саны жүзге жуықтаған. Олар 25 түрлі спорт түрінен осыған дейін жарыстарда сынға түсіп жүрген атлеттер көрінеді. Оның ішінде ауыр атлетика бойынша 37 зілтемірші «қара тізімге» енсе, пауэрлифтингтен 11 спортшы сүйікті ісінен шеттетілген. Еркін күрестен 5 балуанның басына «қара бұлт» үйірілсе, грим күресінен 4 спортшы тыйым салынған дәрілік препараттарды қолданғаны үшін бозкілемге шығу құқығынан айырылды. Бұл тізімнің ішінде жеңіл атлетикадан 4, байдарка және каноэ есуден 3, велоспорттан 3, бокс, самбо және ММА-дің әрқайсысынан 3 спортшы ұзақ мерзімге спорттан шеттеліпті.
Айта кететін жайт, ауыр атлеттердің арасында, Нұрхан Салаутов пен Азатжан Зинетов 2 жылға, Ирина Никонорова – 3 жылға жарыстардан шеттетілгені белгілі болды. Жетісу облысының өкілі Андас Самарқанов допинг дауымен екінші рет тұтылып отыр. Бұл ретте ол 8 жылдық ең ұзақ дисквалификация алған.
Фото: olympic.kz.














