• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Воскресенье, 29 марта, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

«Елімайға» күшті инвестор табылды

"Елімай" былтыр төртінші орын алып, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған

27/02/2026
in Футбол
0 0
0
«Елімайға» күшті инвестор табылды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Еліміздің ірі тау-кен металлургия кәсібімен айналысатын компания енді ҚПЛ клубына демеуші болмақ, деп жазады penalty.kz.

«KAZ Minerals» тау-кен компаниясы семейлік «Елімай» футбол клубының негізгі акционері атанды. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда футболды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Абай облысының әкімі Берік Уәли «KAZ Minerals» тобының басшылығымен және «Елімай» клубының өкілдерімен кездесу өткізді.

Жиында өңірдегі спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және 2026 жылғы маусымда УЕФА Конференция лигасында ел намысын қорғайтын «Елімайдың» алдағы даму бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында қандай сұрақтар талқыланды?

Кездесу барысында инфрақұрылымдық базаны нығайту, жас футболшыларды даярлау және клубтың келесі маусымдарда жүйелі жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өңір басшысы облыста футболды дамытуға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жалғаса беретінін атап өтті.

Өз кезегінде «KAZ Minerals» компаниясы клуб қызметін ұйымдастыруға, командалардың Қазақстан Республикасының ұлттық жарыстарына және еурокубоктарға қатысуын қамтамасыз етуге міндеттеме алды.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастық форматын нақтылап, аймақтағы футбол мен спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдделі екенін білдірді.

«“Елимай” футбол клубы – жай ғана спорттық ұжым емес, Абай облысының тарихи әрі заманауи болмысының бір бөлігі. Біз үшін клубтың дамуы инфрақұрылым мен жас спортшыларды даярлау жүйесіне сүйенген тұрақты әрі жүйелі сипатта болғаны маңызды. Мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестік өңірдегі футболдың ілгерілеуіне серпін береді деп сенемін», – деді Берік Уәли.

Еске салайық, өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында «Елімай» төртінші орын алып, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған еді.

Фото: Елімай ФК.

Tags: «Елімай» ФКҚазақстан Премьер-лигасыҚПЛфутбол клубтарын жекешелендіру
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Иран әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Иран әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Ең көп оқылған

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In