Семейлік «Елімай» футбол клубы сербиялық шабуылшы Фейсал Муличпен қоштасқанын ресми түрде хабарлады, дейді 1bol.kz.
30 жастағы футболшымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Мулич «Елімай» сапына 2024 жылғы қысқы трансферлік кезеңде қосылған болатын.
Қазақстан Премьер-лигасында серб ойыншысы 10 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанды.
Фото: әлеуметтік желіден.