«Елімай» Қазақстан Премьер-лигасында өз алаңындағы алғашқы ойындарын «Астана-Аренада» өткізеді, деп жазады penalty.kz.
Семейге көктем кеш келетіндіктен «Елімай» жаңа маусымдағы ойындарды өз алаңында өткізе алмайды. Сол себепті клуб алғашқы матчтарды «Астана-Аренада» өткізеді. Елордада тұратын семейлік жанкүйерлердің ыстық қолдауына үміт артпақ.
Ал күн жылыған бетте өздерінің «Спартак» стадионына оралады.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызмет жазады.
Фото: Vesti.kz.