Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) 1-8 қарашада өтетін WTA қорытынды турнирінінің жеребесі тартылды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Серена Уильямстің тобына түсті.
Елена Рыбакинаның қарсыластары — Ига Швентек (Польша), Аманда Анисимова (АҚШ) және тағы бір америкалық Мэдисон Киз.
Ал Штеффи Граф тобында Арина Соболенко (Беларусь), америкалықтар Кори Гауфф пен Джессика Пегула және италиялық Жасмин Паолини ойнайды.
Әр топтан екі үздік теннисші жартылай финалға жолдама алады.
Жылдың қорытынды турнирінде сондай-ақ жұптық сында мына теннисшілер өнер көрсетеді.
Мартина Навратиловавның тобы:
Сара Эррани/Жасмин Паолини;
Вероника Кудерметова/Элисе Мертенс;
Се Шувэй/Елена Остапенко;
Айша Мухаммад/Деми Схурс.
Лизель Хубер тобы:
Катержина Синякова/Тэйлор Таунсенд;
Габриэла Дабровски/Эрин Рутлифф;
Мирра Андреева/Диана Шнайдер;
Тимя Бабош/Луиза Стефани.
Фото: ҚТФ.














