Матч 1 сағат 20 минутқа созылып, екі сетте аяқталды — 4:6, 3:6. Осы кездесуден кейін теннисшілер арасындағы жеке кездесулер есебі 10:7 болып, Соболенконың пайдасына шешілді. Рыбакина ойын барысында екі эйс жасап, бір қос қателікке жол беріп, брейк-пойнттардың екеуін де сәтті пайдаланды.
Бұл — қос теннисшінің биылғы маусымдағы үшінші кездесуі. 31 қаңтарда Елена Рыбакина Australian Open финалында жеңіске жетсе, 15 наурызда Арина Соболенко Индиан-Уэллстегі WTA 1000 финалында реванш алған еді.
Енді Арина Соболенко Майами турнирінің финалында америкалық Коко Гауффпен кездеседі. Гауфф жартылай финалда чехиялық Каролина Мухованы 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Турнир қорытындысы бойынша Коко Гауфф WTA рейтингінің алғашқы үштігіне еніп, польшалық Ига Швёнтекті ығыстырады. Ал Елена Рыбакина екінші орында қалса, көш басында Арина Соболенко қала береді.
Фото: Championat.com.














