Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, дейді Қазақпарат.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлем рейтингінде 62-орында тұрған жапониялық Моюки Утидзиманы 6:3, 6:2 есебімен оңай жеңді.
Жарыстың ширек финалына шығу үшін, Елена әлемнің 10-ы ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.
Фото: ҚТФ.