Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Құдірет Шәмиев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында екі аптадан кейін Мұстафа Өзтүрік туралы көркем филмьнің түсірілімі басталатынын айтты.
Сұхбат барысында Құдірет Шәмиев қазақ таэквондосының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрікке Гонконгтағы Брюс Лидің ескерткіші сияқты ескерткіш орнату жоспарда бар екенін айтты.
— Ескерткіш ойда бар. Әлбетте, лайықты адам. Бұл тосын сыйдың бірі болған. Бірақ сіз бас шетін өзіңіз айтып кеттіңіз, айтайын. Мұстафа туралы фильмнің түсірілімі екі аптадан кейін басталады. Тек Мұстафа Өзтүрік туралы емес, жалпы таэквондо спорты туралы, корей мен қазақ халқының достықты насихаттайтын көркем фильм болады. Оны өзіміз, федерацияның қаржысына түсіріп жатырмыз. Ондағы мақсат, бұл жерден ақша тауып прокатқа шығып кету емес, таэквондоны насихаттай отырып, батырдың рухын жаңғырту, — деді федерация президенті.
Фото: ашық дереккөзден.