Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен U17 және U23 санатында өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен U17 жас санатында 110 келіде күрескен Едіге Қасымбек әлем чемпионатының күміс жүлдеге қол жеткізді.
Былтыр да күміс медаль алған болатын. Екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, екі жыл қатарынан Азия чемпионатында топ жарған.
Едіге Амман бөзкілемінде алдымен үндістандық Хаспуран Синхті жеңсе, ширек финалда жапон балуаны Юки Ямамотоны айқын басымдықпен жеңді — 10:0. Жартылай финалда ирандық Мохаммад Нежадтан 4:3 есебімен басым түсті. Финалда АҚШ балуаны Михаил Жосеп Моккодан таза жеңілді.
Бірер сәт бұрын 65 келіде Бақдаулет Әкімжан қола медальға ие болды. Еркін күрестен қазақстандық балуандарының екінші жүлдесі.
Фото: UWW.