Аталған кездесу 1:2 (4:6, 6:4, 7:6 (7:5)) есебімен Дрейпердің пайдасына аяқталды. Әлемдік рейтингте 14-орында тұрған британдық теннисші матчта табандылық танытып, үш сетке созылған тартысты ойында жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 2 сағат 35 минут бойы тартысты ойын көрсетті.
Турнирдің ширек финалына жолдама алған Джек Дрейпер келесі кезеңде ресейлік теннисші Даниил Медведевпен кездеседі. Айта кетейік, жүлде қоры 9,4 миллион долларды құрайтын Индиан-Уэллстегі «Мастерс» турнирін Новак Джокович өз мансабында бес рет жеңіп алған. Соңғы рет ол бұл жарыста 2016 жылы чемпион атанған болатын.
Фото: Getty sport.














