Қазақстандық теннисші, әлемнің 362-ракеткасы Денис Евсеев Ченнай (Үндістан) челленджер турнирін сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда 271-інші, осы жарыстың 7-ракеткасы, франциялық Флоран Баксқа қарсы келді.
Бірінші партияда Евсеев 3:1 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады – 5:7.
Есесіне екіншісінде қарымта қайырды – 6:4.
Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы брейк жасап, 3:2 есебімен алға шыққан мезетте Бакс матчты жалғастырудан бас тартты.
Екі сағат 16 минутқа созылған бәсекеде Евсеев 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Бакс 5 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, 1/8 финалға жолдама алған Денис Евсеевтің келесі қарсыласы кейін белгілі болады.
Фото: ktf.kz.














