• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 22 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Деңгейлес командалар кездеседі – «Пафос» бапкері

«Қайратпен» ойын жайлы ойын айтты

21/10/2025
in Футбол, Чемпиондар Лигасы
0 0
0
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Алматының Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының аясында «Қайрат» және «Пафос» арасында ойын өтеді.

«Пафос» футбол клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседо «Қайратқа» қарсы өтетін ойын алдында командасының дайындығы туралы пікір білдірді.

— Ең алдымен, жылы шыраймен қабылдағандарыңызға алғыс айтқым келеді. Біз Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз және мұнда болғанымызға өте қуаныштымыз. Ертең бізді өзімізге ұқсас қарсылас күтіп тұр. «Қайрат» кейінгі жылдары айтарлықтай өсіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты. Бұл өте қызықты ойын болатынына сенімдімін, — деді ол.

Бапкердің айтуынша, алдағы ойында дәрежесі тең, өзара ұқсас командалар кездеседі.

— Қазір біз өз чемпионатымызда көш бастап тұрмыз, сол сияқты «Қайрат» та өз чемпионатында бірінші орында. Бұл матч алаң иелері үшін де, біз үшін де жақсы мүмкіндік болады. Кездесу оңай болмайды, — деді ол.

Хуан Карседоның сөзінше, өткен ойындағы жеңіс командасына Алматыға сапар алдында сенімділік сыйлаған.

— Чемпиондар лигасындағы әр ойын оңай өтпейді. Ертең ауыр матч күтіп тұр, біз бар күшімізді салып, үздік ойынымызды көрсетуге тырысамыз, — деді ол.

Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері бапкерден «Қайраттың» ойынын кіммен салыстыруға болатынын сұрады.

— «Қайрат» — агрессивті әрі шабуылға жиі шығатын команда. Ойын мәнері жағынан Кипрдің «Арис» клубына ұқсайды. Бірақ біз жақсырақ ойнауға тырысамыз, — деді Хуан Карседо.

Маман Алматыға сапар мен былтыр «Астанаға» қарсы өткен матчқа да тоқталды.

— Сапары жақсы өтті, шамамен 5-6 сағатта жеттік. Барлығы ыңғайлы болды. Ал өткен жылы «Астанамен» болған ойынды айтар болсақ, ол кезде біз 1:0 есебімен жеңдік. Екі команда да қазір өз чемпионаттарында көшбасшылар қатарында. Бірақ менің ойымша, «Қайрат» «Астанадан» күштірек. Ертең бәрі басқаша болады. Біз үшін бұл ұпайлар өте маңызды, сондықтан жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз, — деді ол.

Бапкер «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сатпаев туралы да пікір білдірді.

— Дастан — өте талантты жас ойыншы, жақсы деңгей көрсетіп жүр. Келесі маусымда ол «Челсиге» ауысады. Бұл — оның дамуы үшін үлкен мүмкіндік. Қазір көптеген жас ойыншылар ерте жетістіктерге жетіп жатыр. Сіздерде де жақсы футболшылар бар. Маған команданың агрессивті ойыны ұнайды. Біз тек бір ойыншыға емес, бүкіл командаға назар аударамыз, — деді Карседо.

Фото: Kazinform.

Tags: «Қайрат» ФКUEFA Чемпиондар лигасыОрталық стадионФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді

Қазақстандық үш гимнаст әлем чемпионатының финалына өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Гол соғу жоқ». «Қайрат» матчында қазақ тілі күлкіге айналды

Қазақ футболшысы «Бенфика» сапындағы алғашқы голын соқты

22/10/2025
«Гол соғу жоқ». «Қайрат» матчында қазақ тілі күлкіге айналды

Масқара! Бұрымды балуанымыз әлем чемпионатында күйрей жеңілді

22/10/2025
«Гол соғу жоқ». «Қайрат» матчында қазақ тілі күлкіге айналды

Эрлинг Холанд Криштиану Роналду рекордын қайталады

22/10/2025
«Гол соғу жоқ». «Қайрат» матчында қазақ тілі күлкіге айналды

«Гол соғу жоқ». «Қайрат» матчында қазақ тілі күлкіге айналды

22/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Гол соғу жоқ». «Қайрат» матчында қазақ тілі күлкіге айналды

Қазақ футболшысы «Бенфика» сапындағы алғашқы голын соқты

22/10/2025
«Гол соғу жоқ». «Қайрат» матчында қазақ тілі күлкіге айналды

Масқара! Бұрымды балуанымыз әлем чемпионатында күйрей жеңілді

22/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In