• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ұлттық спорт

Делиде қазақ күресінен әлем біріншілігі басталды

Бәсекенің бірінші жарыс күні тартысты өтті

27/02/2025
in Ұлттық спорт
0 0
0
Делиде қазақ күресінен әлем біріншілігі басталды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Кеше, яғни 26 ақпан күні Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты жалауын көтерді. Екі күнге жалғасатын дүбірлі додаға әлемнің 20-дан астам елінің 200-ге жуық балуаны қатысып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат. 

Аталған біріншіліктің бағдарламасына сәйкес, спортшылар (ерлер мен әйелдер) 16 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтауда. Дели төрінде төл күресімізден ел намысын қорғап жатқан балуандар қатарында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Мұзаппаров Ерсұлтан, Нұрдәулет Жарылғапов, ⁠ Зарина Сарипова, Рауза Нұрмахамметова және Роза Нысантайқызы сынды үздіктер бар.

Әлем біріншілігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қорының қолдауымен дели қаласындағы «Тьягарадж» ұлттық стадионында өтіп жатыр.

Дүбірлі доданың салтанатты ашылу шарасына Үндістанның Қазақ күресі ассоциациясының президенті Хариш Тяги, еркін күрестен Лондон — 2012 олимпиадасының қола жүлдегері Йогешвар Дутт және UWW техникалық делегаты Онур Шимшек қатысты.

Өз кезегінде сөз алған Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов ұлттық құндылығымыз саналатын қазақ күресін халықаралық аренада насихаттайтын бұл чемпионаттың маңыздылығын тілге тиек етті.

— Үндістан — қазақ күресін белсенді түрде дамытып жатқан елдердің бірі. Қазіргі уақытқа дейін бұл елде қазақ күресінен төрт рет ел чемпионаты өткен. Сіздердің күресімізге жоғары қызығушылық танытып жүргендеріңіз — біз үшін үлкен мақтаныш. Екіжылдықтың басты додасының ақтық белдесуінде күресетін балуандарға сәттілік, ал көрермендерге жарқын эмоция тілеймін, — деді Дамир Әсенғазыұлы.

Спорттық шара барысында UWW техникалық делегаты Онур Шимшек Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосыновтың UWW ұлттық күрес түрлері комитеті атқарушы кеңесінің мүшелігіне қабылданғанын жариялады.

Айта кетсек, әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресінің федерациялары жұмыс істейді. Бүгінге дейін қазақ күресінен 10 әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 әлем кубогы және 6 Еуропа чемпионаты өтті. Ал, 2023 жылы қазақ күресі Эр-Рияд қаласында өткен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енді.

2024 жылғы V ДКО аясындағы қазақ күресінің жарысына 46 мемлекеттің 300-ден астам спортшы қатысқан болатын. Сөйтіп, қазақ күресі кешенді ойындардағы ең көп спортшы қатысқан спорт түрі болып танылды. Шетелдік спортшылар бұл додада жоғары бәсекелестік көрсетіп, түрлі деңгейдегі 48 медальді жеңіп алды.

Әлемнің 20-ға жуық мемлекетінің спортшылары қатысып жатқан бәсекенің бірінші жарыс күні тартысты өтті. Қатысушы командалар үлкен дайындықпен келгені анық байқалды. Әсіресе, Үндістан елінің құрама командасының өкілдері қазақстандық балуандарға жоғары бәсекелестік таныта білгенін атап өткен жөн.

Бірінші жарыс күнінің нәтижесі:

Ерлер. 55 кг
І орын — Bekzhan TOLEPOV KAZ
ІІ орын — Khurshidbek CHORIEV UZB
ІІІ орын — Bablu KUMAR IND
60 кг
І орын — Meiirzhan BEREKETOV KAZ
ІІ орын — Giorgi INASHVILI GEO
ІІІ орын — Eyvaz BAKHSHIYEV AZE
66 кг
І орын — Nur AMANSHUKIROV KAZ
ІІ орын — Gigi OTIASHVILI GEO
ІІІ орын — Arkadiusz Jakub MAKAREWICZ POL
ІІІ орын — Hemat KUMAR IND
74 кг
І орын — Zhumazhan KOZHAMBEKOV KAZ
ІІ орын — Navruz KARIMZOD TJK
ІІІ орын — Hajali GASIMOV AZE
ІІІ орын — Matheas TRILLJAERV EST

Әйелдер. 48 кг
І орын — Aizhan ZHYLKYBAYEVA KAZ
ІІ орын — Oliwia Wiktoria KOZUCH POL
ІІІ орын — Priya PRIYA IND
52 кг
І орын — Sitora ELMURODOVA UZB
ІІ орын — Muskan MUSKAN IND
ІІІ орын — Aruzhan ADASKHAN KAZ
56 кг
І орын — Rauza NURMAKHAMETOVA KAZ
ІІ орын — Nisha KUMARI IND
ІІІ орын — Martyna GALEK POL
60 кг
І орын — Annu ANNU IND
ІІ орын — Khurshida TUKHLIEVA UZB
ІІІ орын — Gulim YELUBAY KAZ
ІІІ орын — Fidan HUSEYNOVA AZE

Айта кетейік, әлем чемпионатының екінші жарыс күні, яғни бүгін ерлер -82 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг, ал әйелдер -65 кг, -70 кг, -77 кг, +77 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Фото: Қайсар Есенов, Қазақ күресі федерациясы.

Tags: Qazaq KuresiSport Qoryқазақ күресі
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
ҚХЛ: «Барыс» «Метталургтен» оңбай жеңілді

ҚХЛ: «Барыс» «Метталургтен» оңбай жеңілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ордабасының» молдовалық бапкері қызметінен кете ме?

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

Тимур Турлов Қарағандыда футбол федерациясының президенті болды

18/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In