• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 27 марта, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

Дастан Сәтпаев Наниды көлеңкеде қалдырды

Стадион тек қазақстандық шабуылшының есімін ұрандатты

18/03/2026
in Тұлға мен тарих, Футбол
0 0
0
Африка кубогы: Сенегалдың финалдағы жеңісі екі айдан кейін жоққа шығарылды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
«Қайрат» пен «Ақтөбе» матчынан кейін қазақ футболының ардагері, «Қайраттың» даңқты ойыншысы болған Асқар Қожабергенов Sports.kz тілшісіне сұхбат беріп, ойынды талдады, деп жазады 1bol.kz.

– Асқар Сейдахметұлы, «Қайрат» – «Ақтөбе» матчының Орталық стадиондағы атмосферасын қалай бағалайсыз?

– Стадион лық толы, артық билет жоқ, сары-қара жалаулар көп, жанкүйерлер секторлары түгелдей толған және олар матч бойы командаларын жанын салып қолдады. Міне, біздің футболға керегі осы! Бұл нағыз футбол мерекесі! Еуропада мұндай атмосфера әр тур сайын болады, бізде де солай болса ғой.

– Ойынның өзі туралы не айтасыз?

– Командалар арасындағы принципті бәсекелестікке байланысты ойын аса қауіпті сәттерге бай болмады, кей тұстарда өте сақ өтті.

– Бірінші тайм несімен есте қалды?

– Бірінші таймда «Қайраттың» фин жартылай қорғаушысы Ойва Юкколаның қақпашымен жеке шыққан сәтін айтуға болады, бірақ оның соққысын Александр Заруцкий тамаша қайтарды. Ал Темірлан Анарбеков бірінші таймда мүлде жұмыссыз қалды.

– Екінші таймда Дастан Сәтпаевтың алаңға шығуы шешуші сәт болды. Оның ойынға қосылуымен «Қайрат» ойынында қандай өзгеріс байқадыңыз?

– Дастан Сәтпаев алаңға шыққаннан кейін «Қайраттың» шабуылы жылдамдыққа ие болды. Жалпы, оның ойыны «Ақтөбенің» жұлдызды ойыншысы Нанидің алаңға шығуын толықтай көлеңкеде қалдырды. Стадион тек қазақстандық шабуылшының есімін ұрандатты, ал португалиялық ойыншының шығуы онша байқалмады.

– Матчтағы жалғыз гол туралы не айтасыз?

– Мұндай тартысты ойында «Ақтөбе» шабуылшысы Даниэль Сосаның қателігі қымбатқа түсті. Оның сол сәттегі баяулығын біздің жас талант Сәтпаев тиімді пайдаланды.

– Матч нәтижесі әділ болды ма?

– Жалпы алғанда, «Ақтөбенің» шабуылдағы әлсіз ойынын ескерсек, «Қайрат» толықтай лайықты жеңіске жетті. Бұл матчта екі команда да алдымен өз қақпасын қорғауға көңіл бөлді. Сол себепті шабуылда өткірлік аз болды.

Фото: ҚФФ.

Tags: "Ақтөбе" ФК«Қайрат» ФКДастан СәтпаевҚазақстан Премьер-лигасыҚПЛЛуиш Нани
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Африка кубогы: Сенегалдың финалдағы жеңісі екі айдан кейін жоққа шығарылды

ҚПЛ футболшылары Финляндия құрамасына шақырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Ең көп оқылған

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In