WhoScored.com сарапшысы және Perth to Paisley подкастының авторы Адам Кеннеди ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ислам Чесноковтың «Ливингстонға» қарсы (2:2) матчтағы ойынына қатысты қатаң пікір білдірді.
«Турасын айтайын: бұл жолы Чесноковтың ойыны тым мүшкіл көрінді. Оны неге ертерек алмастырмағаны таңғаларлық. Исламның қанатта не істеп жүргенін түсінбедім – бір қайта оқытылған форвард сияқты.
Мұндай қарсыласпен 2:2 есебімен тең түсу – «Хартс» үшін сұмдық нәтиже. Жақсысы, маусымның аяқталуына алты матч қалғанда команда әлі де бірінші орында келеді», – деп атап өтті сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, чемпионат аутсайдерімен тең түскен Дерек Макиннестің шәкірттері турнирлік кестедегі жағдайын қиындатып алды. «Рейнджерспен» арадағы алшақтық бір ұпайға дейін қысқарды.
«Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Ислам Чесноков алаңда 77 минут өткізді. Flashscore статистикалық порталы қазақстандықтың ойынын 5,6 баллға бағалады – бұл матчтағы ең төменгі көрсеткіш.
Фотода: Ислам Чесноков.














