Черногория құрамасының 28 жастағы вингері Дритон Цамай ресми түрде «Астана» футбол клубының ойыншысы атанды, деп жазады 1bol.kz.
Клуб пен футболшы арасындағы келісімшартқа қол қойылғаны туралы ақпаратты елордалық клуб жариялады.
Дритон Подгорицадағы «Будучност» клубының тәрбиеленушісі. Ол кәсіби мансабында хорватиялық «Интер Запрешич», черногориялық «Дечич», «Ловчен», «Искра» және венгриялық «Кишварда» клубтарында өнер көрсетті. Цамайдың соңғы командасы — Венгрияның «Кечкемет» клубы.
Енді Дритон Цамай «Астана» сапында 11-нөмірлі жейдемен алаңға шығады.
Фото: kazfootball.kz.