• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Черчесов — өзі құрды, өзі бұзды

Кеше футболдан Қазақстан құрамасы Словения саңлақтарынан ойсырай ұтылып қалды ғой

11 сентября, 2024
in Футбол
0 0
0
Черчесов — өзі құрды, өзі бұзды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Түсінеміз, дәл қазір деңгейіміз FIFA рейтінгінде 52-орында тұрған құрамамен бірдей емес.
Әйтсе де, Адиевтің тұсындағыдай, тайталасып көруге болушы еді. Бірақ Черчесов мырза жаза басты. Норвегия құрамасымен ойнағанда, қорғанысымыздың топсасын берік ұстаған үштікті бұзды.
ӘҚМ (АКМ) — Әліп, Қасым, Марочкин үштігі Холландтың адымын аштырмап еді. Осы, өзі құрған тәп-тәуір үштікті… өзі бұзды. Әлібек Қасымның орнына Сергей Малыйды шығарды.
Бас бапкер бұл жерде, Малыйдың бойшаң екендігін ескерген секілді. Ол түсінікті. Бойы 2 метрге жуық Беньямин Шешкоға «екінші қабатта» да тосқауыл құру керек. Әуелеп келген доптарды басымен ұрғызбауды ойлады.
Бірақ Шешко әккі екен. Әуелі «а-ля» Месси стилінде біздің қорғанысымызды бұзып-жарып өтіп, «шашып» кетті. Дәл осы жерде Малыйдың бойы мүлде қажет болмай қалды. Көп ұзамай, айып алаңымызда ойнақ салып, екінші голды да салды.
Болды! Ойын тағдыры осы екі доппен-ақ шешілді. Екінші таймда Черчесов ӘҚМ үштігіне қайта оралды. Әлібек Қасым сенімін ақтаған сияқты. Кемі бір-екі рет алаң иелерінің шабуылын тойтарды.
Алайда, Шешко тағы тақырға отырғызып кетті. Үшінші голды басымен салды. Мына суретке қараңыздаршы, біздің қақпашы қолымен де оның басындағы допқа жете алар емес.
Сөйтіп, Холланд пен Эдегорға дес бермей, «оңай шағылатын жаңғақ» емес екенбіз деп, масаттанып жүргенімізде, мына бар болғыр, Шешко шемішкеше шағып кетті…
Айтпақшы, кеше Люблянадағы «Стожице» стадионының жасыл желегі саз-батпақты болмаса да, соған жетеқабыл болғандай. Доп көгалдың бетімен жөндеп сырғымайтындай, алысқа жетпейтіндей болып көрінді. Мүмкін, мұндай ойында алаңға Бауыржан Исламханды шығару керек пе еді?!
Нұрғазы Сасаев.
Tags: Бауыржан ИсламханНұралы ӘліпСтанислав ЧерчесовУЕФА Ұлттар лигасыұлттық құрама
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Әлімханұлы мен Михайлович жекпе-жегі қайда және қашан өтетіні белгілі болды

Әлімханұлы мен Михайлович жекпе-жегі қайда және қашан өтетіні белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In