• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Черчесов кетпек түгілі, журналистерге сұхбат беріп жүр

Ол өзін «жұмыстан қуу керек» дегендерге де жауап берді

10 января, 2025
in Енді не істейміз?, Футбол
0 0
0
Черчесов кетпек түгілі, журналистерге сұхбат беріп жүр
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «Спорт Шредингера» басылымына сұхбат беріп, даулы мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берген, деп жазады 1bol.kz.

Бапкер көпшіліктің ашуын туғызған баспасөз конференцияларынан соң қандай қорытынды жасағанын айтты.

«Футболды өз көзіңізбен көруді жалғастыра беріңіз, өз жұмысыңызды жалғастырыңыз. Бір қазанда екенбіз деп иілудің қажеті жоқ. Кейде белгілі бір елдің туының астында тұрғанда, сол туды қолдау керек. Бұл өте маңызды сәт. Мен 61 жастамын және Қазақстан құрамасынсыз-ақ титулдарға қол жеткіздім, дәл сол секілді Қазақстан да менсіз жетістіктерге жетті. Егер бізді тағдыр қосса, онда бұл сәтті тиімді пайдалану керек. Солай емес пе»? – деді маман.

Сонымен қатар ол өзін «жұмыстан қуу керек» дегендерге де жауап берді.

«Жұмыстан қуу» деген – бұл қайта мақтау сөз. Себебі ату керек, түрмеге қамату керек деген сияқтыларды естідім. Теңеулер көп болды», — дейді ол.

Бас бапкер құрама айналасында сынның көптігін қалай қабылдайтынын да жеткізді.

«Өз басым уайымдамаймын. Бапкердің уайымдауға құқығы жоқ. Уайымдаған сәттен бастап ол жанкүйерге айналады. Бұл жерде сәтсіздіктерге қатысты дұрыс сараптама жасай алу маңызды. Мен келгенге дейін құрама бес ойында ұтылды. Норвегияға емес, Люксембург, Әзірбайжан және Армения секілді құрамаларға есе жіберді. Бәсекелестік жоғары лигада ойнап жатқанда, бапкер ненің маңызды екенін түсінуі қажет: бір голға артық соғу ма, бір ұпайды артық иелену ме немесе өзгерістер жасап, соны сараптау ма?» — деді Черчесов.

Бас бапкер құрамада әлі де өзгерістер болатынын, ешқандай ойыншыға кепілдік берілмейтінін қоса кетті.

«Мысалы, соңғы матчта Шацкий емес, Покатилов ойнады. Щацкий бірінші лигаға ауысты, енді оның ойынын бақылап отырамыз. Ол соңғы жылдары ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болды. Енді біз «қақпада кім тұрады?» деп алаңдамаймыз. Покатилов соңғы бірнеше жылда ұлттық құрамада ойнамаса да, ол өзін көрсетті, біз оның не істей алатынын білдік. Өзі де сезінді, халық та көрді, команда да түсінді. Бұл оның алдағы уақытта міндетті түрде ойнайтынын білдірмейді. Біз бүгін ешкімге кепілдік бере алмаймыз. Оның үстіне ол қазір клубсыз жүр», — дейді ол.

Сонымен қатар маман сынайтындар қай кезде де табылатынын, сондықтан ондай сөздерге сабырмен қарауды үйренгенін алға тартты.

«Тағы бір мысал – Әділбек Жұмаханов пен Ғалымжан Кенжебек алаңға шықты. Исламбек Қуат пен Абзал Бейсембеков «Астанадан» кетіп жатыр, қайда баратыны белгісіз. Ал бізге Уэльспен ойнағанда бәрін басынан бастамай, дайын болуымыз керек. Егер бапкер тек өзін ойлап, сын естімеу үшін әрекет етсе, бұл дұрыс болмайды. Айтпақшы, сынайтындар әрқашан табылады. Мәселен, 2:0 есебімен жеңсеңіз де, «неге үшінші голды соқпадыңдар?» деп айтатын жандар да табылады. Бұл – қалыпты жағдай. Мен оны жақсы түсінемін және оған сабырмен қараймын. Тек сын шынайы әрі кәсіби болуы керек. Жай ғана біреудің өзін көрсету үшін сынауы дұрыс емес. Кез келген сыннан пайдалы нәрсе алу – менің міндетім. «Мені сынады, демек ол жаман адам» деп өкпелейтін уақыт жоқ.

Ешкім де жеңілгенді қаламайды. Артық айтсам кешіріп қоярсыз, бірақ осыншама жүлдені жеңіліп жүріп иеленген жоқпыз. Бастысы, болып жатқан жайтқа объективті қарауды үйрену. Ашуланып, сол ашуыңды футболшылардан алудың қажеті жоқ. Менің міндетім – оларға кеңес беріп, дайындап, әрекет ету.

Белгілі бір кезең өтті. Өткен шақпен өмір сүру мүмкін емес. Бүгін мен ертең бар. Мен тап болған жайт – ол өтпелі кезең. «Ауыс-түйіс заманында өмір сүргеннен Құдай сақтасын» деп жатады. Ал мен футболдан Қазақстан құрамасына осындай өзгерістер кезеңінде келдім. Мен өз жұмысымды атқарып жатырмын, айналада не болса да, оған күлімдеп қараймын», — деді ол.

Фото: Getty images.

Tags: Исламбек ҚуатҚазақстан құрамасыСтанислав Черчесовфутболдан Қазақстан құрамасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» ойсырата жеңді

«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» ойсырата жеңді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In