UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі сегізінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және Англияның «Арсенал» (Лондон) командалары арасындағы кездесуде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.
Бұл міндетті швейцариялық Урс Шнидер бастаған төрешілер бригадасы атқаратын болады.
Оған отандастары Марко Цюрхер мен Беньямин Цюрхер көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Свен Вольфенсбергер.
Кездесу 28 қаңтардан 29-на қараған түні сағат 1:00–де Англия астанасы Лондон қаласындағы «Эмирейтс» стадионында басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл кездесу алматылық клуб сапында Дастан Сәтпаев, Азамат Тұяқбаев, Олжас Байбек секілді футболшылар қатыса алмайды.
Осыған дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Есесіне турнир кестесінде «Арсенал» жеті турда бірде-бір ұпай жоғалтпай, 21 ұпаймен көш басында келеді.
Ағылшындық команда жарыс барысында Испанияның «Атлетик Бильбао» (2:0), Грекияның «Олимпиакос» (2:0), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:0), Чехияның «Славия» (3:0), Германияның «Бавария» (3:1), Бельгияның «Брюгге» (3:0), Италияның «Интер» (3:1) клубтарынан басым түсті.
Фото: «Қайрат» футбол клубы.














