Бүгін UEFA Еуропа лигасы ¼ финалының алғашқы алғашқы ойындары өтеді.
Жарыстың бұл сатысында «Болонья», «Астон Вилла», «Порту», «Ноттингем Форест», «Фрайбург», «Сельта», «Брага», «Бетис» командалары сынға түседі.
Сегіз команда төрт жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда ½ финалға жолдама алады.
«Болонья» (Италия) — «Астон Вилла» (Англия)
«Порту» (Португалия) — «Ноттингем Форест» (Англия)
«Фрайбург» (Германия) — «Сельта» (Испания).
Бұл ойындар арасынан «Порту» — «Ноттингем Форест» кездесуі «Qazsport» тееларнасынан тікелей эфирде басталады.
Бұл кезеңдегі «Брага» (Португалия) — «Бетис» (Испания) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.
Ширек финалдың қарымта ойындары 16 және 17 сәуір күндеріне белгіленген.
Жартылай финал 30 сәуір және 7 мамыр күндері өткізіледі.
Финал 20 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.
Еуропа лигасы қазіргі атауымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып отыр. Бүгінге дейін испаниялық «Севилья» жеті (2006, 2007, 2014, 2015, 2016, 2020, 2023) мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Фото: gettyimages.com.













