Қазақ боксының символы — Геннадий Головкин
Геннадий Головкин — әлемдік бокстың ең танымал тұлғаларының бірі. Ол 1982 жылы 8 сәуірде дүниеге келген.
Әуесқой бокстағы жетістіктері:
- Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004, Афины)
- Әлем чемпионы (2003)
- Азия чемпионы (2004)
- Азия ойындарының жеңімпазы (2002)
Кәсіпқой бокста:
- WBA чемпионы (2010–2018, 2022–2023)
- IBF чемпионы (2015–2018, 2019–2023)
- WBC чемпионы (2016–2018)
Сонымен қатар, 2017–2018 жылдары The Ring журналының pound-for-pound рейтингінде әлемнің №1 боксшысы атанды.
Максим Головкин — сенімді тірек
Максим Головкин де дәл осы күні, бірақ 15 минут кешірек дүниеге келген. Ол да бокста өз жолын қалыптастырған:
- Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы және финалисі (1997)
- ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2013)
Қазіргі таңда Максим ағасы Геннадийдің жаттықтырушылар штабының маңызды мүшесі.
Головкиндер отбасы үшін 8 сәуір — тек туған күн ғана емес, қазақ боксының дамуына қосқан үлестерін еске алатын маңызды дата.
Фото: Zakon.kz.














