Өйткені, біздің спортшыларға келгенде, мейлі ол семсермен семсерлесу болсын, дзюдо болсын, бокс болсын, төрешілер беттері бүлк етпестен, ұпайды, жеңісті қарсыластарына бере салады!
Біздің спортшылар мен бапкерлерге обал болды! Бақандай төрт жыл дайындалады қара терді төгіп, ал олимпиадаға келген соң, бұл жерде: «алик-малик-шарик» басталады!
Ең сорақысы сол, біздің бапкерлер, спорт, федерация басшылары бәрін біледі! Тіпті қандай спортта, қандай орынға, қанша пара беретінін де біледі!
Олай дейтінім, украинанның екі дүркін олимпиада чемпионы Ломаченко жеңіліп, кездесуін қайтадан қарағанда барлық құпия ашылған! Одан кейін біздің төреші де ашық ставкасын айтып, одан төрешіліктен шектетілген!
Бастысы біздің боксшылар болсын, балуандар болсын, тіпті нысана көздейтіндер болса да, қарсыластарын нокаутпен, иппонмен, нұқыл ондыққа тигізіп жеңу керек екен!
Хош дейік! Сонда ешқандай көмегі болмаса, тек басын шұлғып бишара болса, онда спорт басшылары неге барады олимпиадаға? Мүмкін тотализаторға қатысып, ақша істеуге барады ма? Әлде біздің спортшылардың жеңілгені үшін оларға бірнәрсе береді ме?
Олай сезіктенуімнің себебі, кезінде УЕФА-да жемқорлық дау болып, АҚШ-тың ФБР-і әдейі арнайы операция өткізіп, барлық футбол функционерлерінің жемқорлық схемасын ашып, тіпті соттаған! Атақты Мишель Платини, Зепп Блаттерлер істі болып, артынан масқарасы шығып қызметтерінен кетуге мәжбүр болған!
Егер спорт функционерлері таза болса, онда неге ФБР- ге арызданбайды? Тексерсін АИБА төрешілерінің барлығын! Шетінен түрмеге қамасын! Көреміз сосын қанша төрешінің таза екенін?!
Жалпы мен ойлаймын, қазір Қазақстан, Қытай, Куба, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Канада, Бразилия, Мексика, Италия, т.б елдер төрешілердің жасап жатқан қиянатын тексерсін деп, ал боксты олимпиададан шеттетсін деп үндеу жасау керек ХОК-не, және АҚШ-тың ФБР-на.
Бұдан артық шыдауға болмайды! Европалық судьялар бірден сатады өздерінің сыбайластарын. Өйткені олар өмірбақи түрмеде отырғысы келмейді! Ал жіптің шеті шыққан соң, тарқату оңай болады!
Боксшыларымызға келсек, барлығын кәсіпқой боксқа дайындау керек: АҚШ, Мексика боксшылары секілді! 15 раундқа шыдайтын болса біздің боксшылар, сонда көреміз қалай қарсыластарын шемішкеше шағатынын!
Әйтпесе, теледидардан комментаторлардан еститінің, нұқыл: төрешілер әділ болды, айқын басымдықпен жеңуі керек еді деген сөздер!
Оған біздің мына әлеуметтік желідегі намыссыз, ақымақтар қосылады: «таза жеңілді ғой», «көзінде оты жоқ қой», «физикасы нашар ғой», т.б әңгімелер…
Өздерің айтыңдаршы: қазақтың боксшыларын кім нокаутпен жеңіпті? Басқа елдің төреші қолын көтерген боксшылардың көздері жанып тұр ма? Біздің боксшыларды ойысыратып қайсысы ұтыпты? Ондай болған емес! Сондықтан олай біздің спортшыларды кемсітіп, жығылғанға жұдырық болғандар, менен өздерің шығып кетіңдер, жүйкені тоздырмай! Өйткен «жанашырлықтарыңа», «қолдауларыңа» РАХМЕТ!
Онсыз да жемқорларға жем болып, алаяқтарға тапқан табысынан, спортқа бөлінген қаржыдан қағылып, қиналып жүріп жақсы көрсеткіш көрсеткен спортшыларға айтқан рахметтерің осы ма?
Қарамайсыңдар ма, кімдер спорт федерациясын ұстап, басқарып тұрғандар? Бәрі Назарбаевтың кезіндегі миллиардерлер! Не олардың ақшасы жетпей қалып па өзбектер секілді медальдарды сатып алуға? Ешқандай көмегі болмаса, онда не істеп жүр спортта басшы болып?
Ешқандай саланы оңдырмаған, дүниежүзіндегі ең бай мемлекетті жүздеген млрд. долларға қарызға тыққан жемқорлар спортты оңдырады ма? Оңдырса қайсы оңдырғаны? Көрсеткіш Елдос пен Ғұсман ба? Олар ондаған жылдар бұрын жаттығып, әбден шыңдалып өздері жетті табысқа! Бұларға шенділердің ешқандай еңбегі сіңген жоқ!
Егер спорт басшылары ХОК-дегі жемқорлықты ашуға ниеті жоқ болса, онда өзіміз әлеуметтік желілер, твиттер арқылы әлемдегі ең беделді мемлекеттердің президенттеріне, саясаткерлерге, сенаторларға, конгрессмендерге шығып, көмек сұрауымыз керек!
Ол үшін ағылшын, француз, неміс тілін білетін жандар, үндеуді: ағылшын, неміс, француз, орыс, қазақ тілдерінде жазып, товиттерге қалай салатыны жайлы басқаларын үйрету керек!
Басқа ойларыңыз болса бөлісіңіздер! Артық кетсем кешірерсіздер!
Пікір иесі: Сұлтан Иқанұлы.