Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Финиксте (АҚШ) өтіп жатқан челленджер турнирінің финалына шықты, деп жазады 1bol.kz.
Жартылай финалда ол португалиялық Нуно Боржешті (ATP №36) екі сетте жеңді – 6:3, 6:4.
Матч 1сағат 5 минутқа созылды. Александр Бублик матч барысында 16 эйс жасады және 6 брейк-пойнттың жартысын өз пайдасына шешті.
Енді финалда отандасымыз әлемнің 80-ракеткасы, 18 жастағы Бразилия теннисшісі Жоао Фонсекамен кездеседі.
Айта кету керек, бублик финалға шыққаны үшін 22 650 доллар пайда тапты және рейтингтік 90 ұпайға ие болды. Турнирдің ақтық ойыны 17 наурызға жоспарланған.
Фото: Getty Images.