Қазақстандық теннисші үшінші айналымда күтпеген жерден аустралиялық Ринки Хиджикатадан (әлемнің 117-ракеткасы) жеңіліп қалды. Матч тағдыры үш сетте шешілді — 7:6, 6:7, 3:6.
Екі жарым сағатқа созылған матч барысында Бублик 19 эйс жасап, бес қос қателікке жол берді. Ал оның қарсыласы сегіз эйс тіркеп, үш қос қателік жіберді.
Осы кездесуден кейін теннисшілер арасындағы жеке есеп 1:1 болып теңесті.
Айта кетейік, Ринки Хиджиката турнирдің ширек финалына жолдама алу үшін келесі айналымда британиялық Кэмерон Норримен (әлемнің 29-ракеткасы) кездеседі.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы.














