2028 жылы ЛА өтетін Олимпиада бағдарламасына бокс кірмей қалды!
Негізгі бағдарламаға кірмеуінің басты себебі ИБА ұйымының қаржылық ашықтығы. Жылда бәленбай миллион долларға ӘЧ өткізетін ұйым ХОК алдында түскен қаржыларын дәлелдей алмады.
Томас Бахтың мәлімдеуінше Бокстың түбегейлі тағдыры келесі жылы шешіледі. Оған дейін Бокс турнирін ұйымдастыратын жаңа ұйым құрылып үлгеретін шығар.
Жаңа ұйымға біз де көп кешіктірмей қосылып алсақ жақсы еді. Әйтпесе, 7 алтынның 5-еуін бір мемлекетке таратып беретін ұйымда ешкім қалғысы жоқ.
Айдос Рымқұл