Кешелі бері өзбек боксын көкке көтеріп, қазақты төмендетіп жатырсың деген пікірлер түсіп жатыр. «Тапсырыспен жазып жүрсің бе?» деген сұрақтар да бар. Бірақ мен басынан-ақ не болатынын ескерткенмін…бұрынғы жазбаларыма көз жүгіртсеңіздер, бәрі анық.
Қазақ пен өзбек бокс федерациялары World Boxing деп аталатын жаңа ұйымға бір уақытта мүше болды. Бірақ айырмашылық мынада: қазақ жағы өзіне сан мәрте әділетсіздік жасаған IBA-ны қимай, екі кеменің басын ұстауға тырысты. Ал өзбектер бірден нақты шешім қабылдап, өздеріне үш Олимпиада қатарынан алтын әперген ұйыммен қошастып, артына бұрылып та қарамады.
Қазақ ешкімге керек емкс Шри-Ланкадағы жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысып жүргенде, өзбектер жаңа ұйымның турнирлеріне қатысып, өздерінің адалдығын көрсетіп үлгерді. Олар Бразилияға да шауып барды, Польшадағы жарысқа да негізгі құраммен қатысты.
Біздің тарап бұл кезде Бразилияға үшінші құрамды жіберіп, Польшаға мүлдем бармай қалды. «Әлем кубогының ресми тізімінде жоқ» деу бос сөз. Барлық турнирлік кестелерде Польшадағы жарыстың нәтижелері көрсетілген.
Халықаралық ұйым да бәрін көріп отыр. Өзбек тарапы жаңа ұйымда белсенді болып, беделін арттырғаны үшін лайықты құрметке ие болды. Азия бойынша вице-президенттері бар. Қазір Тайландтағы турнирде даулы, тең түскен жекпе-жектердің барлығы өзбектің пайдасына шешіліп жатыр!
Міне, жүйелі жұмыс деген осы! Біз әлі де өз жолымызды анықтай алмай жүргенде, өзбектер жаңа ұйымдағы позицияларын нығайтып алды. Қазақ тағы да шашылып қалды. Енді Лос-Анджелесте Гена араласып, бір алтын алып берсе алып берді, бермесе, қазақ боксында біраз уақыт нан болмайын деп тұр.
Пост өшпейді. Скриндап алыңыздар.
Авторы Айдос Рымқұл.
Фото ЖИ көмегімен жасалды.