• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 22 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Біз және Өзбекстан ғана 7 салмақта боксшы қосып отыр — Мырзағали Айтжанов

26/07/2024
in Бокс, Олимпиада, Тұлға мен тарих, Ұлттық спорт
0 0
0
Біз және Өзбекстан ғана 7 салмақта боксшы қосып отыр — Мырзағали Айтжанов
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Париж Олимпиадасында басты үміт артылатын – бокстан ерлер құрамасы Франция астанасы Парижге жетті. Енді жерлестеріміз 27 шілде – 10 тамыз күндері аралығында чемпиондық атақты сарапқа салатын болады.

Осы орайда жазғы Олимпиада ойындарына рекордтық 3-ші мәрте бастап барған бас бапкер Мырзағали Айтжанов жарыс алдындағы пікірімен бөлісті, деп жазады qaz.ulyssport.kz.

Сіздер бұған дейін Лондон және Рио Олимпиадасында 10 салмақта жүлдені сарапқа салып едіңіздер. Париж Олимпиадасында салмақтың азаюы еліміздегі көп мықтылардың үмітін азайтқан шығар?

— Париж Олимпиадасында ерлер арасында алғаш рет ең аз 7 салмақта ғана жүлде сарапқа салынады.  Токио Олимпиадасында ерлер 8 салмақта 187 спортшы чемпиондыққа таласса, биыл олардың саны 124-ке дейін азайды. Боксшы санының азаюы бәсекелестікті арттырып, әр елге жолдама оңайшылықпен бұйырмады. Салыстырмалы түрде Токио Олимпиадасына 81 мемлекет қатысса, биыл тек 68 мемлекетті қамтып отыр. Бастысы – біз және Өзбекстан ғана барлық 7 салмақта боксшымызды қосып отыр. Ал Токио Олимпиадасында командалық есепте 1-орын алған Куба, Ұлыбритания 6 спортшысын қатыстырса, АҚШ 5 салмақта ғана жолдама ала алды. Ендігі басты мақсатымыз – санды сапаға ұластырып, медальға қол жеткізу.

Париж Олимпиадасында қарсыластар соқыр жеребе арқылы анықталады. Бұл әдіс сіздер үшін қаншалықты әсер етеді?

— Халықаралық Олимпиада комитеті әр құрлықтағы лицензиялық жарыстың қорытындысы бойынша чемпиондар мен жүлдегерлерді жеке рейтингпен бөлді. Енді барлығын 25 шілде күні өтетін жеребеде көре жатармыз.

Бұған дейін Франция төрінде бәсекеге түсіп пе едіңіздер?

— Тарихқа назар аударсақ, әлі бірде-бір мәрте әлем чемпионаты Францияда өтпепті. Сондықтан бұл біз үшін жаңа елдердің бірі болмақ. Бірақ Франция боксшыларымен ірі додаларда, халықаралық турнирлерде жолдарымыз түйісіп тұрады.

Жергілікті климат, уақыт т.б факторлар спортшыларға қаншалықты өз әсерін тигізеді?

— Париж уақыты Қазақстаннан қарағанда 3 сағатқа артта.

Климаты жағынан 20 градустан сәл ғана асып, салқындау болып тұр.

Енді ғана келгендіктен, жаймен бейімделіп жатқан жайымыз бар. Бүгін Франция уақытымен 16:00-де бірінші ресми жаттығуымызды өткіземіз. Одан бөлек, Олимпиаданың кей ережелеріне сәйкес, боксшыларымыз арнайы сурет, видеоға түседі. Ресми жарыс 27 шілде күні басталатындықтан, күнделікті арнайы жоспарымызды алдын ала түзіп қойғанбыз.

Париж Олимпиадасының қандай ерекшелігі бар?

  • Бокстан ең аз 68 мемлекет 248 спортшысын ғана қосады.
  • Қазақстан өз тарихында үшінші мәрте (2012, 2020) толық құрамда барады.
  • Мырзағали Айтжановтың тұсында ұлттық құрамамыз 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде алса, 2016 жылы Рио Олимпиадасында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде еншіледі.
  • Құрамадағы ең жас боксшы 63,5 келідегі Мұхамедсабыр Базарбайұлы (22 жас) болса, ең үлкені – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев (33 жас) саналды.
  • 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасында 8 салмақта 4 алтынмен жалпы есепте Куба мемлекеті топ жарды.

Фото: ҰОК.

Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Келімсектің кесірі…

Келімсектің кесірі...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

«Қайрат» қақпашысы үшін маусым аяқталды

22/08/2025
Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

Конор Макгрегор төрт жылдық үзілістен кейін жекпе-жекке шығады

22/08/2025
Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

«Барыс» жаңа маусымға арналған формасын таныстырды

22/08/2025
Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

22/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

«Қайрат» қақпашысы үшін маусым аяқталды

22/08/2025
Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

Конор Макгрегор төрт жылдық үзілістен кейін жекпе-жекке шығады

22/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In