Позитив іздеп көрейінші. Негатив іздеушілер менсіз де мың-миллион.
«Интер» биыл гол жібермеген еді. Біз оларға соқтық.
Дастан жеке доп таластардың бәрінде жеңіп шықты, қателік тіпті жібермеді. Қажет болса, қорғаныста да мінсіз ойнай алатынын дәлелдеді.
Анарбеков те жақсы ойнады. Меніңше, мына ойыннан соң мықты еуропалық клубтардың бірі құда түсуі мүмкін. Мүмкін емес, ТИІС!
Уразбахтин әдеттегідей «Қайраттың» өз түлектеріне мүмкіндік берді («Астана» болса, оларды қосалқы құрамға көгендеп қояр еді).
Бұған дейін ойнаған төрт қарсыласымыздың үшеуі аса мықты еді. Енді олардан гөрі бірер саты төмендеу командалармен ойнаймыз. Демек, ұпай алу мүмкіндігіміз әлі жоққа шыққан жоқ.
Біз менсінбеген «Пафос» бүгін «Вильярреалды» ұтты. Демек, өткенде олармен тең ойнап, жақсы өнер көрсеткен болып тұрмыз ғой.
Пікір иесі: Мықтыбек Оразтайұлы.














