Қазақстандық 21 жастағы гроссмейстер Бибісара Асаубаева Самарқанда өткен FIDE Grand Swiss турнирінде қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы беделді жарысты триумфпен аяқтап, 3-орын иеленді.
Бұл — еліміздің шахматшы қыздары үшін Grand Swiss турниріндегі жоғары көрсеткіштерінің бірі. Бибісараның таланты мен еңбегінің айқын дәлелі.
Ол 11 партиядан 7½ ұпай жинап, $25 000 жүлде қорын иеленді.
Соңғы турға дейін Бибісара әлемдік тәжге үміткерлер турниріне жолдаманы сарапқа салды. Ол тек қазіргі чемпион Вайшали Рамешбабу (Үндістан) мен экс-чемпион Екатерина Лагноға (FIDE) ғана жол берді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов және Әлімжан Аяпов қола медаль иеленді. Блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік Солтанов пен Әлімжан Аяпов қола жүлде иеленді. Ал рапид бойынша Аяулым Қамбарова мен Әлімжан Аяпов екінші орын алды.
Фото: instagram.com/bibisarachess.