«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Георгий Жуков бірге өнер көрсеткен Бауыржан Джолшиевтің таланты мен мансабы туралы пікірімен бөлісті.
Бауыржан ойнай бергенде, Еуропаға кететін еді. Мансабын аяқтаған кезде, жасы небары 25-те еді. Шындығын айтқанда, Бауыржанның неге бұлай ерте аяқтағанын түсіне алмаймын. Қызық, футболдан Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен кейін өзінің нағыз бабында тұрған кезінде кетті», — деді Г. Жуков “ASnews.kz” порталына берген сұқбатында.
Бауыржан Джолчиев 2015-жылы желтоқсанда «Астанадан» кетіп, жаңа клуб іздеді. Нәтижелі маусымнан кейін 25-жасында мансабын аяқтады. Сол жылы «Астана» Қазақстан чемпионы болып, тарихында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты.
Дереккөз: aladop.kz.
Фотода: Бауыржан Джолшиев «Астана» сапында.














