«Барыс» хоккей клубы ресми түрде Михаил Кравецті команда бас бапкері етіп тағайындады, деп хабарлайды penalty.kz.
Елордалықтар бапкерлік құрамын да жаңартты
Ресейлік маманмен келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалды. Құжатта тағы бір маусымға созу мүмкіндігі де қарастырылған.
Михаил Кравец жаттықтырушылық мансабын 2001 жылы бастаған. ҚХЛ-де әркез келесі клубтардың тізгінін ұстады:
- «Витязь» (Подольск),
- «Амур»(Хабаровск),
- «Авангард» (Омбы),
- «Куньлунь Ред Стар» (Қытай).
Кравец — халықаралық деңгейде тәжірибесі мол, жүйелі тактиканы меңгерген білікті стратег ретінде танымал.
Ғалым Мәмбетәлиевпен не болды?
Клуб Ғалым Мәмбетәлиевпен келісімшартты тоқтатты. Бұған өткен маусымдағы нашар нәтижелер себеп. ҚХЛ-де төменгі көрсеткіштер тіркеліп, команда плей-оффқа шыға алмады.
2025–2026 маусымдағы бапкерлік штаб
Жаңа маусымдағы «Барыстың» бапкерлер құрамы мынадай:
- Бас бапкер – Михаил Кравец
- Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов
Талғат Жайлауов қазақстандық хоккейдің аңызға айналған есімі, енді жаттықтырушы ретінде командаға үлес қосады.
Фото: hcbarys.kz.