Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилист» клубын қабылдады.
Тартысты өткен матчта елордалықтар жеңіліп қалды. Негізгі ойын мен овертайм тең аяқталған – 2:2, ал буллиттер сериясында «Автомобилист» хоккейшілері мергендік танытты – 3:0, деп жазады 1bol.kz.
Қонақтар сапынан Алексей Бывальцев пен Семён Кизимов көзге түссе, айдын иелерінен Әділ Бекетаев пен Никита Сетдиков бір-бір шайбадан соқты.
Осылайша, Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері қатарынан сегізінші рет жеңіліс тауып отыр. Елордалық ұжым соңғы рет 2024 жылғы 17 желтоқсанда «Динамоны» ұтқан (2:0).
Фото: Барыс ХК.